Жаңалықтар

Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінім қабылдау аяқталды

Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінім қабылдау аяқталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 03.07.2023 12:32 829

Елімізге шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ІІМ басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, 23 қаңтардан бастап елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізді. 1 шілдеде заңдастыруға өтінім қабылдау тоқтатылды. Осы аралықта 196 мың автокөлік заңдастырылды, - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Заңдастыруға өтініш беріп үлгермегендерге 5 жылға Қазақстанда уақытша есепке қоюға мүмкіндік берілмек.

Оқи отырыңыз:

1 шілдеге дейін өтінім берген барлық азаматтарға автокөліктері заңдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, заңдастыру құқығы беріледі.

ЕАЭО елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келсек, олардың иелері көлікті кері әкетеді. Ал егер басқа елдегі бұрынғы тіркеу орнынан есептен шығарылса, Қазақстанда кейіннен бастапқы тіркеу туралы міндеттеме және 5 жылға Қазақстанда уақытша есепке қою құқығы берілмек, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Уақытша есепке қою кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәлік және ҚР мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі.

Тіркеу туралы куәлікте «уақытша есепке алу, иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз» деген жазбалар көрсетіледі.

Шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлік белгілері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сақтауға тапсырылады.

Егер Қазақстан азаматтары аталған автокөліктерді елден тыс жерлерге әкетуді шешсе, олар ҚР тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыруы керек, содан кейін оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылады. Ал автокөлік бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарылса және Қазақстан азаматтары оларды Қазақстанда бастапқы тіркеуді ұйғарса, утиль алымынсыз, бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлейді, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға