Шетелден келген 68 көлікті заңсыз тіркегендер ұсталды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
23.02.2024 09:45
830
Шетелден келген көліктерді заңсыз тіркеу схемасын ұйымдастырушылар жарты млрд теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған.
Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.
Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.
Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үндістанда Kazakh tourism-нің алғашқы шетелдік өкілдігі ашылды
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті