Жаңалықтар

Шетелден әкелінген көліктерді қалай заңдастырады?

Бұған дейін айтылғандай, көліктерді кәдеге жарату төлемі алынып тасталды
Шетелден әкелінген көліктерді қалай заңдастырады?
Фото: Ішкі істер министрлігі 25.02.2023 02:40 1132

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру үшін қандай заңнамалық өзгерістер енгізілгені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, биыл 23 қаңтардан 22 ақпанға дейін 40 мыңнан астам көлік заңдастырылды. Тағы 85 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстырып және одан әрі тіркеу үшін жіберілді. Яғни, бір айда 125 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды.

Мемлекет басшысының шетелдік автокөліктерді бір реттік заңдастыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, aвтокөліктерді бастапқы тіркегені үшін төлем 200 мың теңге мөлшерінде белгіленді және кәдеге жарату төлемі алынып тасталды. Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін төлем мөлшерін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидалары, шарттары мен мерзімдері бекітілді, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Ережелер ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді және осы күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірістік.

Автокөліктерді заңдастыру үшін азаматтар көлікті заңдастыруға өтініш,

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралын тіркеу құжатын, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжатты өткізуі қажет.

Заңдастырылатын автокөліктерге қойылатын негізгі талаптар:  

  • Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген;
  • Іздеуде жоқ;
  • Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік есептен шығарылған;
  • Кедендік тазартудан өткен болуы тиіс.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға