Жаңалықтар

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек?

Шетелдік университетке түсудегі ең маңызды қадамдардың бірі – мотивациялық хатты әзірлеу.
27.11.2015 04:59 27700

Шетелдік университетке түсудегі ең маңызды қадамдардың бірі – мотивациялық хатты әзірлеу. Формалды талаптарға сәйкес келетін болсаңыз, қабылдау комиссиясы сіздің университетке жолдаған хатыңызға қатты көңіл бөледі. Бұл хатта сіз өзіңіздің бірегей екеніңізді және сіз таңдағалы отырған университет пен академиялық бағдарламаға өзіңіздің қаншалықты сәйкес келетініңізді көрсетуіңіз қажет.

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек?

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек?

Мотивациялық хат (Statement of Purpose, Personal Statement) – 1-2 беттен аспайтын кішігірім эссе. Онда үміткер өзінің академиялық мүдделері, тәжірибесі және жетістіктері, өмірлік ұстанымдары мен мақсаттары жайлы жазады.

Шетелде аталмыш хат арқылы үміткерге, оның сыни ойлау мен аналитикалық қабілеттеріне объективті баға беруге болады деп есептейді. Сол себепті қарастырылып отырған хатты жазуда ұқыпты, әрі мұқият болған абзал.

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек? 

Мотивациялық хаттың екі форматы бар:

  • құрылымдалмаған эссе. Үміткерге өзін еркін форматта таныстыруға мүмкіндік беріледі;
  • сұрақ-жауап түріндегі эссе. Үміткер бірнеше қысқа эссе жазып және оның әрқайсысы қойылған сұрақтарға жауап болуы қажет. Әдетте эссенің мұндай түрі MBA бағдарламасына немесе бакалавриатқа түсер кезде қолданылады.

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек? 

Мотивациялық хатты дайындаудың келесі кезеңдері бар:

 1.  Қабылдау комиссиясының бағалау критерийлерін анықтау

Мотивациялық хаттың негізгі мақсаты – сіздің тапсырылып отырған академиялық бағдарламаға мейлінше сәйкес адам екеніңізге қабылдау комиссиясының көзін жеткізу. Бұл сіздің қабылдау комиссиясымен қарым-қатынасқа түсуіңіздің құралы. Бұл процесс сәтті өту үшін сіз қабылдау комиссиясының бағалау критерийлеріне сай келуіңіз шарт. Осы критерийлерді мотивациялық хатты жазудың барлық кезеңінде есте сақтау керек.

Назар аударарлық жайт – әртүрлі факультет мотивациялық хатты әртүрлі критерий бойынша бағалайды.  

«Әдебиет және философия факультетіне түскелі отырған үміткердің мотивациялық хаты, қолданбалы матемиткаға тапсырып отырған үміткердікіне қарағанда басқа критерийлер бойынша қарастырылады»

 Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек?

Қабылдау комиссиясына сізді потенциалды үміткер ретінде бағалауға мүмкіндік беретін нәрселер ұнайды, нақтырақ айтқанда:

  • жеке қасиеттердің анализі. Жалпылама сөздердің орнына өзіңіздің жеке қасиеттеріңізді талдап, өз өміріңізден нақты мысалдар келтіріңіз;
  • адал ниет. Қабылдау комиссиясына ұнайды-ау деп тек біржақты жазуға да болмайды. Оның орнына өзіңізді толықтай ашып, бірегей оқиғаларыңызды баяндап бергеніңіз жөн.
  • басымдықтарды айқындау. Эсседен қарастырып отырған сала туралы сіздің шынайы түсінігіңіз бар екені анық байқалу қажет. Өзіңіздің тәжірибелеріңіз (жұмыс, зерттеу және т.б.), осы мамандықты таңдауға әсер еткен оқу курстары, семинарлар, адамдар, кітаптар және өзге де ақпарат көздері жайлы жазыңыз. Сондай-ақ, сол мамандыққа сіз неліктен сай келетініңізді жеткізу керек. Түскіңіз келетін оқу бағдарламасына мейлінше сәйкес келетін тәжірибеңізге көбірек көңіл бөліңіз. Мысалы, егер сіз докторантураға тапсырып жатсаңыз, зерттеу жұмыстарындағы тәжірибеңізді жазу ұтымды қадам болмақ. Ал егер магистратураға тапсырсаңыз, өндірістік немесе практикалық тәжірибеңізге басымдық беріңіз;
  • мақсатыңыздың болуы. Магистратура мен докторантураға түсетіндер өз таңдауын негіздеп беруі тиіс. Оқу бағдарламасы сіздің кәсіби және жеке мақсаттарыңызға жетуге қалай көмектеспек? Осы сұраққа жауап берген жөн;
  • таңдалған бағдарламаны негіздеу. Оқу бағдарламасы сізді несімен қызықтырғанын түсіндірген абзал. Мысалы, оқу жоспарының нақты аспектілері, сізді қызықтырған факультет мұғалімдерінің ғылыми мүдделері туралы жазуға болады;
  • сауатты жаза білу қабілеті. Бұл қабілеттің маңыздылығы таңдап отырған мамандыққа байланысты. Егер сіз биохимия бойынша докторантураға тапсырғалы отырсаңыз, Абайша (Абай Құнанбаев) жазғаныңыз сізге қосымша ұпай бермеуі мүмкін. Дегенмен, қандай оқу бағдарламасы болмасына түссеңіз де, сауатты жаза білу қабілеті өте маңызды. Бұл дегеніміз тек сөйлемді сауатты жазу ғана емес, сондай-ақ, мәтін құрылымының логикаға сай келуі де осы санатқа кіреді.

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек?

Комиссияның жұмысын ішпыстырарлық ететін жайттар:

  • салғырттық. Әріп терудегі жаңылыстар, грамматикалық қателіктер, жиі қайталанулар және т.б. нәрселер үміткердің оқуға түсуге салмақты қарамайтынын көрсетеді. Мәтінді жібермес бұрын бірнеше рет тексеріңіз;
  • жаттанды және жалпылама сөздер. Сіздің портретіңізге қызықты әрі терең сипат бермейтін сөздердің ешқайсысын қолданбаған жөн. Бұл сіздің хатыңызды ішпыстырарлық етеді;
  • түйіндемені баяндап беру. Түйіндемеңізден оқып білуге болатынды қайталап жазып берудің еш қажеті жоқ. Ең дұрысы, бір-екі тақырыпқа, оқиғаға немесе аргументтерге назар аударыңыз;
  • көпжақты мағынасы бар тақырыптар. Мотивациялық хатта өзіңіздің ұстанымдарыңыз бен құндылықтарыңызды жазуға болады. Алайда қоғамда керіағар пікірлер тудыратын сұрақтарды қамтудың қажеті шамалы, әсіресе саяси және діни көзқарастардан аулақ болған жөн.
  • көлемнің үлкен болуы. Әдетте мотивациялық хаттың көлемі дара интервалмен 1-2 беттен аспауы тиіс. Көп жағдайда көлемнің ұлғайып кетуі шамадан тыс нақтылану салдарынан болады. Мәтінді бірнеше рет редакциялау қажетсіз бөліктерден арылуға мүмкіндік береді.

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек?

2. Мазмұнды әзірлеу

Өзі туралы жазу әрдайым қиын. Төмендегі сұрақтар қажетті көлемдегі мәтінді жазуға жеткілікті:

Қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар

  • Таңдалған оқу бағдарлмасында сізді не қызықтырады? 
  • Сіз таңдаған университетте сізді қызықтыратын оқытушылар бар ма? Қай мұғалімнің сабағына қатысқыңыз келеді?
  • Таңдалған оқу бағдарламасынан нақты не күтесіз?
  • Карьералық жоспарыңыз қандай және таңдалған оқу бағдарламасы оны жүзеге асыруға қалай көмектеспек?
  • Өзіңіз армандайтын жұмысты қалай елестетесіз? 5, 10, 20 жылдан кейін немен айналысқыңыз келеді?

 Жеке қасиеттеріңіз бен қабілеттеріңіз

  • Жеке қасиеттеріңіз қандай? Мысалы, пункуталдылық, адалдық, өжеттілік және т.б.
  • Аталған қасиеттерді көрсететіндей өз өміріңізден мысалдар келтіре аласыз ба? Мұнда тәжірибеңіз бен жеке қасиеттеріңізді ұштастыра білу қажет. Ең дұрысы – жеке тәжірибеңізді баяндағанда жеке қасиеттерге арнайы тоқталмай-ақ түсінікті болатындай етіп жазу керек.
  • Қандай қабілеттерге иесіз (мысалы, аналитикалық, басқару, коммуникативтік)? Мұнда да, «атағаннан» гөрі «көрсеткен» дұрыс.
  • Таңдалған оқу бағдарламасына не себепті дәл сіз мейлінше сәйкес келесіз және неліктен сіздің жетістікке жетудегі мүмкіншіліктеріңіз көбірек?
  • Факультет үшін (оқытушылар мен студенттерге) сіз неңізбен қызықты бола аласыз?
  • Таңдалған оқу бағдарламасы бойынша үздік студенттердің бірі боламын дей аласыз ба және не себепті?
  • Қабылдау комиссиясы сізді қарастырудың негізгі себептері неде?
  • Таңдалған салада сәтті карьера жасай алатынына сенімдісіз бе және не үшін?

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек?

Жеке жетістіктер мен тәжірибе

  • Сіздің өміріңізде ерекше немесе таңғалдыратын не бар? Мұнда өзіңіздің немесе отбасыңыздың өмірінде мақсатыңызға жетуге мүмкіндік беретін жеңістер, жетістіктер туралы айтсаңыз болады.
  • Күнелтудегі қиындықтарға тап болған кезіңіз болды ма және олардан қалай шықтыңыз? Өзіңіздің сәтсіздіктеріңіз үшін ақталу болып кетпеуін қадағалаңыз.
  • Жанұя мүшелерінің біреуіне қарайтын жағдай болды ма және ол оқуыңызға, кәсіби тәжірибеңізге, мақсаттарыңыз бен құндылықтарыңызға қалай әсер етті? Мұнда есіркеу тудырмауыңыз қажет.
  • Жоғары білім алу кезінде жұмыс істеу мүмкіндігі болса, не үйрендіңіз, қандай тәжірибе алдыңыз және студенттік жылдары сіздің дамуыңызға қандай тәжірибелер әсер етті?

Оқу және академиялық жетістіктер

  • Таңдалған салаға қашаннан бастап қызыға бастадыңыз? Содан бері қызығушылығыңызды арттыратындай аталмыш сала бойынша және өзіңіз туралы не білдіңіз?
  • Таңдалған салаға қызығушылығыңыз қалай басталды? Мысалы, мектептегі немесе ЖОО-дағы сабақтар, оқытушылар, таңдалған сала бойынша кітап оқу, конференция, адамдармен тілдесу.
  • Таңдаған сала мен карьералық жолыңызға деген сеніміңізді арттыратындай оқиғаны есіңізге түсіре аласыз ба?

Нәтижесінде, сіздің мотивациялық хатыңыз үш негізгі сұраққа жауап болуы тиіс:

  • Не себепті таңдалған мамандық бойынша оқу бағдарламасына түскіңіз келеді?
  • Не себепті сіз таңдалған бағдарламаға сәйкес келесіз?
  • Сіздің тәжірибеңізде ерекше деп бағалауға болатын не бар?

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек?

3. Мәтінді ұйымдастыру

Мотивациялық мәтін жазуда екі әдіс бар: хронологиялық және тақырыптық.

Хронологиялық әдіс. Өткен шақтан осы шаққа дейінгі оқиғаларды рет-ретімен баяндап беруді білдіреді. Бұл әдіс жазушыға да, оқырманға да ыңғайлы. Бәлкім, сіз таңдаған тақырыпқа дәл осы әдіс келіп қалар. Алайда мотивациялық хат монотонды автобиографияға айналып кетуі де мүмкін.

Тақырыптық әдіс. 2-4 шешуші тақырыпқа басымдық беру. Олар рет-ретімен де, ретсіз де баяндалуы мүмкін. Бұл әдістің артықшылығы – ол екі уақытта болған, алайда мағынасы ұқсас оқиғаларды біріктіруге мүмкіндік береді.

Мәтінді ұйымдастырудағы кеңестер:

  • мотивациялық мәтінді тез оқып тастауға тырысатындықтан, ең қызықты фактілер мен тәжірибелерді басында немесе мүмкін болса кіріспе бөлімде келтірген абзал;
  • фактілерді мәтін бойынша үлестірерде, оқырманға сіздің дамуыңыз байқалатындай болуы керек: сіздің бастапқы қызығушылығыңыз шеберлік деңгейге жеткізілгендігін көрсетіңіз;
  • егер сіз тақырыптық әдісті қолдансаңыз, мағынасы бойынша жақын, бірақ әртүрлі уақытта болған оқиғаларды біріктіріп, қажетсіз уақыттық детальдерді алып тастауға болады;
  • егер сіздің өміріңізде драмаға толы тәжірибе болса (мысалы, бір өте қиын жағдайға тап болып, одан сәтті шыға алсаңыз), оны мәтінде көрсеткен жөн. Ол үшін мәтіннің басында мәселе көрсетіледі де, әр параграф сайын оқырманның қызығушылығын арттыра отырып, ең соңында мәселенің шешімін көрсету керек.

 Параграф деңгейіндегі мәтінді ұйымдастыру

Параграфтар – мотивациялық хаттың негізгі құрамдас бөліктері. Олардың ұйымдастырылуы келесі ережелерге бағынады:

  • бір параграфтан екіншісіне өтетін өтпелі сөздерді пайдаланыңыз. Мұндай сөздер параграфтардың логикалық байланысын анық көрсетуге мүмкіндік береді.
  • өтпелі сөздер жалпылама болғанымен, олардан кейінгі сөздер нақты болып, мазмұнында фактілер болуы қажет. Параграф ішіндегі баяндаудың жалпы бағыты жалқыдан жалпыға болғаны жөн.

Кіріспе және қорытынды

Кіріспе – мотивациялық хаттың ең маңызды бөлігі. Оның мақсаты – оқитын тараптың назарын аударып, қызықтыру. Кіріспе бүкіл мәтіннің бағытын көрсете алады. Бірақ бұл оның негізгі қызметі емес.

Мотивациялық хатты бастаудың бірнеше әдісі бар:

  • қызықты дәйексөз. Алайда бұл әдіске үміткерлердің басым көпшілігі жүгінеді, сол себепті сіз көпшілікті қайталауыңыз әбден мүмкін;
  • биографияңыздағы ерекше факт. Ол фактінің сіздің баяндамаңызбен үйлесуі маңызды;

Қорытынды – бұл маңыздылығы бойынша екінші бөлік. Оның мақсаты – оқылған мәтіннен қалған жақсы әсердің ұзағынан болуына септігін тигізу. Қорытындыны жазу бойынша кеңестер:

  • фактілер мен тәжірибеңізді қайталамай, тақырыптарды синтездеңіз. Бұл әр параграфтың соңында оқырманға оған дейін не жазылғанын еске салудың қажеті жоқ екенді білдіреді. Оның орнына маңызды тақырыпшаларды басқаша көзқараспен жеткізу;
  • өзіңіздің жоспарыңызды сол саладағы одан да жоғары идеяға байланыстырыңыз. Алайда бұл әлемді төңкеріп жеретіндей болып көрінбегеніңіз жөн;
  • ұзақ мерзімді мақсаттарыңыз жайлы жазыңыз.

Шетел университетіне мотивациялық хатты қалай жазу керек?

4. Редакциялау

Мәтінді әртүрлі деңгейде бірнеше рет редакциялау қажет болуы мүмкін. Сөзден бастап абзацтарға дейін. Бұл қалыпты жағдай.

Бұл процесс тиімді әрі аз шаршататындай болуы үшін келесі кеңестерге жүгініңіз:

  • мәтіннің алғашқы нұсқасын редакциялауды ойламай, емін-еркін жазып шығыңыз. Бұл сіздің жұмысыңызға шығармашылық сарын береді;
  • жазылған мәтінді бірнеше күннен кейін қайта оқып, жаңа көзқараспен көріңіз – мәтіннің әлсіз тұстары сізге бірден байқалады. Мағынасы мен салмағы жоқ сөйлемдерді, қарабайыр және жалпылама сөздерді алып тастаңыз, жалықтыратын параграфтарды қайта жазып шығыңыз;
  • редакциялар кезеңдері арасында үзіліс жасаңыз. 

Ешқашан дайын шаблондарды көшірмеңіз. ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жыл сайын ондаған немесе жүздеген мотивациялық хатты қарастырады және олар сіздің хатыңыздың интернеттен алынғанын бірден байқап қояды. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға