Жаңалықтар

Шетел азаматы еліміздің оңтүстігінде террорлық акт жасамақ болған – ҰҚК

Шетел азаматы еліміздің оңтүстігінде террорлық акт жасамақ болған – ҰҚК
21.04.2023 11:38 1342

ҰҚК мәліметінше, шетелдік азамат еліміздің оңтүстігінде террорлық акт жасамақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жыл басынан бері ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шет елдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террористік актінің алдын алды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар елордада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылған. Оның 8 мүшесі террорлық топ құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.  

Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға