Жаңалықтар

Шет мемлекеттің басшылары Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтады

Құттықтаулар әлі де келіп жатыр.
Шет мемлекеттің басшылары Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтады
Фото: baq.kz 31.12.2022 10:12 1536

Қазақстан Президентінің атына Жаңа жылға орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Рим Папасы Франциск, Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фук, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Италия Президенті Серджо Матарелла, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Корея Президенті Юн Сок Ёль, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида, Жаңа Зеландияның Генерал-Губернаторы Синди Киро, сонымен қатар бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шет мемлекеттердің көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялардың, банктердің, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттарында Қазақстанның шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын нығайтудың маңызды аспектілері, басымдықтары атап өтілген.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына жүрекжарды тілектер айтылған.

Құттықтаулар әлі де келіп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға