Жаңалықтар

Шет мемлекеттер орман өртін сөндіруге көмек беруге ниетті

Шет мемлекеттер орман өртін сөндіруге көмек беруге ниетті
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 13.06.2023 17:52 984

Шет мемлекеттер Абай облысындағы орман өртін сөндіруге көмек бере ме? Бұл сұраққа СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілсіз жаумен күресуге көмек көрсетуге екі мемлекет ниет білдірген.

Егер апат ауқымы үлкен болса, мемлекеттің өз шамасы жетпей жатса, өзге мемлекеттерден көмек сұрауға мәжбүр болады. Әзірге біз көмек сұрап жатқан жоқпыз. Бірақ мемлекет басшысымен, сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлескен шетелдік әріптестері көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіпті, – деді СІМ ресми өкілі.

Айбек Смадияров көмек көрсеткісі келген елдер Түркия мен Өзбекстан екенін айтты.

Айта кетейік, 8 маусымда басталған орман өртін сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға