Жаңалықтар

Шет елден көшіп келген оқушылардың ата-аналары еліміздегі білім сапасы туралы айтты

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті
Шет елден көшіп келген оқушылардың ата-аналары еліміздегі білім сапасы туралы айтты
Фото: ult.kz 20.10.2022 09:21 9826

Қазақстанға басқа елдерден көшіп келген оқушылардың ата-аналары отандық мектептердегі білім сапасы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Мысалы, елордадағы №89 мемлекеттік мектепте басқа елдерден көшіп келген бірнеше бала оқиды, деп хабарлайды El.kz

Бозча Айхан Қазақстанға Түркиядан көшіп келген. Балаларының үлкені 10-сыныпта, ортаншысы 5-сыныпта, кішісі 2-сыныпта оқиды.

«Мысалы, Түркияда үлкен балаларым көбейтуді 3-4-сыныптарда өткен болатын, ал Қазақстанда 2-сыныпта өтеді. Сондай-ақ мұнда бастауыш сыныптан бастап балалар үш тілді кезекпен оқи бастайды. Әрине бірден бірнеше тілді білу де артықшылық береді. Түркиядағы жасөспірімдер жергілікті оқушылар туралы аз біледі. Балалар мұғалімдермен тіл табысып үлгерді. Сондай-ақ мектепке жақсы көңіл-күймен барып келеді. Мұнда білім тереңірек оқытылатынын көріп, жоғары сыныпта оқитын балаларымның оқуға қызығушылығы артты», - дейді ата-ана.

Реаниматолог Нажар Шавкат Ахмад отбасымен бірге Қазақстанға Сауд Арабиясынан көшіп келген. Ол да ұлын жергілікті №89 мемлекеттік мектепке берген. Дәрігер атап өткендей, қазақстандық мектептің басты айырмашылығы – бастауыш сыныптарда балалардың бірден бірнеше тілді кезең-кезеңімен меңгере бастауында.

«Былтыр жұмысыма байланысты отбасымызбен Қазақстанға көшіп келдік. Елордаға орнығып алғаннан кейін біз мектепті мұқият таңдадық. Әрине жекеменшік мектептерді де қарадық. Бірақ соңында достарым мен таныстарымның ұсынысы бойынша №89 мемлекеттік мектеп-лицейді таңдадық. Ұлымыз екінші сыныпта оқиды. Осы мектепті таңдағанымызға да өкінбейміз. Баламыз сапалы білім алып жатыр. Және үшінші сыныптан бастап бала бірден үш тілді меңгеретіні ұнады. Бұл - қазіргі заманауи кезеңде қажет дүние. Ұлым жаңа сыныпқа оңай бейімделіп, мемлекеттік тіл мен ел тарихын оқи бастады. Сондай-ақ ұлым мектепке қуана барады, себебі ол өзіне жаңа достар тапты. Біз мектебімізге балаларымыз үшін жасап жатқан мүмкіндіктері үшін шын жүректен алғыс айтамыз», - деп пікірін  білдірді Нажар Шавкат Ахмад.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға