Есенов Университетінің ғалымдары осы жылы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің 6 ірі ғылыми жобалар грантын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Солардың бірі – «Маңғыстау топономастикалық ареалы: тарихи топонимия, топобейнелер және оларды интерпретациялау» тақырыбындағы ғылыми жоба, жетекшісі – Б.И. Нұрдәулетова. Жоба аясында бірнеше далалық ғылыми экспедиция жоспарланған.
5 қазан Университеттің ғалым-зерттеушілері «МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТАРИХИ ТОПОНИМДЕРІ» тақырыбындағы алғашқы далалық ғылыми экспедицияға аттанды. Ғылыми жоба құрамында Есенов Университетінің оқытушыларымен бірге Л.Н.Гумилев атындағы ЕНУ профессоры, танымал тарихшы, этнограф Жамбыл Омарұлы Артықбаев, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері профессор Қыздархан Рысбергенова, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Ирина Бекзатқызы және басқа да докторанттар мен магистранттар бар.
Ш.Есенов университетінің оқытушылары ғылыми экспедицияға аттанды
05.10.2023 19:12
809
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Роман Скляр Ақмола облысындағы ЖЭО жұмысын тексерді
Келесі жаңалық
Астанада коммуналдық парк жаңа техникалармен толықтырылды