14 Қыркүйек 2020, 11:28

Шерзод Пулатов – Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары

Ұлты өзбек Шерзод Пулатов қоғамда қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыруға күш салып жүрген тіл жанашырларының бірі. "Халық бірігуі үшін бір тілде сөйлеуі керек" дейді ол. Отбасында үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған Шерзод Қазақстанда отбасы құндылықтарының дәріптелуі жоғары екендігін айтады. Ел астанасына Тараз қаласынан арман арқалап келген жас отбасының бүгінде үміті ақталды. Шерзод Пулатов -  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Өзбек этномәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы.  

Бөлісу: