Жаңалықтар

Шерзаттың өлімінен кейін Талғар қаласының әкімі қызметінен кетті

Шерзаттың өлімінен кейін Талғар қаласының әкімі қызметінен кетті
Фото: gov.kz 15.10.2024 13:00 760

Алматы облысы Талғар қаласының әкімі мен орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талғар қаласының әкімі Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін Талғар ауданының әкімі - Танат Айдарбековке сөгіс берілді.

Айта кетейік, 4 қазанда Шерзат Болат есімді 16 жастағы жасөспірім азғындықпен өлтірілген еді. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күдікті екі айға қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға