Шерзат Болаттың өліміне қатысты үкім қашан шығатыны анықталды
03.06.2025 13:01
Фото:
Жоғарғы сот/Видеодан алынған кадр
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан резонанстық іс бойынша сот шешімі 5 маусымда жарияланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адам айыпталушы ретінде тартылған. Прокурор оларға 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Шерзат Болат ісі: сотталушыларға қандай жаза сұралды
- «20 жылдан көп болса екен»: Шерзаттың анасының хаты оқылды
Қылмыстық іс «Адам өлтіру», «Бұзақылық», «Қорқыту» және «Қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша қозғалған. Тергеуді Алматы облыстық полиция департаменті жүргізді. Іс 62 томнан тұрады, оның құрамында 40 сот сараптамасы, 200-ге жуық куәгердің жауабы және сегіз бейнематериал бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

