Жаңалықтар

Шерзат Болаттың әкесі қашан бостандыққа шығады

Шерзат Болаттың әкесі қашан бостандыққа шығады
Фото: видеодан алынған кадр 19.12.2024 13:59 177

Сенат кулуарында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Болаттың ісіне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Санжар Әділовтің сөзінше, қазіргі таңда аталған іске қатысы бар 11 күдікті қамауда жатыр.

Осы жылдың соңына дейін біз барлық тергеу жұмыстарын аяқтаймыз. Сосын қылмыстық істі жәбірленушілер мен күдіктілерге танысуға тапсырамыз, - деді ол.

Сонымен қатар министрдің орынбасары Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қамаудан қашан босап шығатынын да айта кетті.

Шерзат Болаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Сот шешімі бойынша осы айдың аяғында, мерзімі өткен соң босайды, - деді Санжар Әділов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға