ТЖМ

Шерубай-Нұра су қоймасында төрт адам құтқарылды

20.07.2025 13:51

Бүгін Қарағанды облысындағы Шерубай-Нұра су қоймасының демалыс аймағы маңында моторлы қайықта жүрген адамдардан көмек сұралған хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Белгілі болғандай қайықта жанармай таусылып, моторы істен шыққан. Күшті желдің салдарынан қайықты қарсы бетке қарай алып кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары қайықты жағаға сүйреп жеткізді. Қайық ішінде болған төрт адам аман-есен құтқарылып, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ су айдындарында демалушыларды сақ болуға, сапар алдында техникалық жағдай мен жанармай қорын тексеруге шақырады.