Жаңалықтар

Шенгенге өтініш беретіндер арасында жалған құжат ұсынатындар көбейген - СІМ

Шенгенге өтініш беретіндер арасында жалған құжат ұсынатындар көбейген - СІМ
Фото: ҚР СІМ 08.04.2024 18:03 1959

ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропалық одақ елдерімен визалық режимді жеңілдету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанымен, кейбір қазақстандықтар бұл процесті жылдамдатуға кері әсерін тигізіп жатқан тәрізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанда жалған құжаттарды ұсыну фактілері жиілеп кеткен, бұл өз кезегінде Шенген визасын беруден бас тарту фактілерінің өсуіне алып келеді.

Виза алу үшін жалған фактілері бар құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының имиджіне елеулі зиян келтіріп, визалық режимді либерализациялау бойынша келіссөздерді жүргізуді қиындатады, сондай-ақ болашақта визадан бас тарту мүмкіндігін арттыра отырып, азаматтарымыздың визалық тарихын нашарлатады, – деді Смадияров.

СІМ өкілі мұндай құжаттар мұқият тексерілгендіктен, визалық өтініштердің қарау мерзімі ұзаратынын алға тартты. Сол себепті азаматтардың визаны кешіктіру туралы шағымдары жиілеп кеткен.

СІМ қазақстандықтарды құжаттарды ұсыну, визаға өтініш беру, қажетті алымдарды төлеу процесін мұқият бақылауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға