South China Morning Post

Шенеуніктер қызметкерлерге смарт-сағатты 8 тонна қоқыстың ішінен іздеткен

Қытайдың Датун қаласында жергілікті шенеуніктер турист әйелдің баласы жоғалтып алған балаларға арналған смарт-сағатты табу үшін екі жұмысшыны 4 сағат бойы 8 тонна қоқысты қолмен аршуға мәжбүрлеген. Бұл жағдай ел ішінде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы South China Morning Post-қа сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Шэньчжэнь қаласынан келген турист анасы Датунға сапары кезінде баласының ақылды сағатын байқамай қоқыс дорбасына салып, пойызда тастап кеткен. Сағаттың GPS-функциясы құрылғының әлі де теміржол вокзалында екенін көрсеткен.

Келесі күні әйел жергілікті әкімшілікке жүгінеді. Әкімдік Xincheng Environment Company деп аталатын мемлекеттік тазалық компаниясына хабарласып, сағаттың 8 тонна қоқыспен бірге қоқыс полигонына жіберілгенін анықтайды.

Содан кейін екі тазалық жұмысшысына сол 8 тонналық үйінді ішінен смарт-сағатты қолмен іздеу тапсырылған. Олар аптап ыстықта 4 сағаттан астам уақыт жұмыс істеп, ақырында құрылғыны тауып алған. Әйел оларға ақша ұсынғанымен, жұмысшылар бұл көмектен бас тартқан.

Бірақ бұл оқиға қоғамда әртүрлі реакция тудырды. Жергілікті билік бұл жағдайды «туристерге деген жанашырлықтың көрінісі» деп бағаласа, желі қолданушылары мұны «ресурсты орынсыз пайдалану» деп сынады:

Мұндай ұсақ-түйек үшін осыншалықты көп күш жұмсалғанына сенер емеспін. Бұл ақылға қонымсыз, – деп жазды бір интернет қолданушысы.