Жаңалықтар

Шекарадан заңсыз мұнай шығармақ болғандар анықталды

Жағар май тиелген 20 теміржол цистернасы битумдық лактарды еріткіш «Уайт-спирит» ретінде көрсетіліп, жүкке арналған темір жол құрамдарымен тасымалданған
Шекарадан заңсыз мұнай шығармақ болғандар анықталды
Фото: KNB_kz 15.10.2022 12:26 1130

«Жайық» темір жол өткізу пунктінде еліміздің аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 8-11 қазан аралығында ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысының «Жайық» темір жол өткізу пунктінде еліміздің аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз шығарудың алдын алды. Жағар май тиелген 20 теміржол цистернасы битумдық лактарды еріткіш «Уайт-спирит» ретінде көрсетіліп, жүкке арналған темір жол құрамдарымен тасымалданған», - делінген хабарламада.

Мәліметке сай, ұсталған жүк құзыреті бойынша процессуалдық шешім шығару үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілген.

Шекара қызметі Қазақстандағы бензин, дизел отыны мен мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің шығарылуына уақытша шектеулер қойылғанын еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға