Шекарадан аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған қырғызстандық сотталды
06.03.2025 23:43
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Павлодарда аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалау ісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, Қырғыз Республикасының азаматы Қазақстан шекарасы арқылы қарбыз жүгінің ішінде жасырылған тыйым салынған заттарды заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп танылды. Тергеу нәтижесінде 59 килограммнан астам героин мен 10 килограмм гашиш тәркіленді.
Сот үкімімен шетелдік азаматқа 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сонымен қатар, сот Қазақстан Республикасының азаматын жоғарыда аталған ауыр қылмыс туралы алдын ала біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

