Шекарадан 48 келі зергерлік бұйымды заңсыз кіргізбек болған
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
29.09.2023 11:00
Фото:
ҰҚК
28 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Қазақстанға ірі көлемдегі зергерлік бұйымдарды заңсыз жолмен алып кіру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жүк автокөліктің жасырын орнынан табылды. Тәркіленген заттың алдын ала салмағы 48 килограмнан асады.
Аталған факті бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

