Шекарашылар зергерлік бұйымдарды өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы 19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті.
Шекаралық тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды.
Зергерлік бұйымдар Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелеріне одан әрі тексерістер жүргізу үшін берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда тағы бір Антикордың жалған қызметкері ұсталды
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті