Жаңалықтар

«Шегіртке бір ауылға кіріп кетті, үлкен зиян келді» дейтіндей жағдай болған жоқ– министр

«Шегіртке бір ауылға кіріп кетті, үлкен зиян келді» дейтіндей жағдай болған жоқ– министр
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 24.06.2024 15:03 519

Мәжіліс кулуарында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткенің не себепті көбейіп кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, былтыр 1,5 га жерге шегіртке таралған. Былтыр препаратты уақытында алмаған соң, биыл үйірлі шегіртке 2,5 миллион гектар алқапқа таралып кеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1 миллион гектарға көп.

Күзде зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде 2,5 гектар жерге препарат керек екенін түсіндік, бірақ бекітілген бюджетте 4,2 млрд қана ақша болды. Бұл мәселеде премьер-министр бізді қолдап, тағы қосымша 3,9 млрд теңге бөлді. Бүгінгі күні қаражат және препарат жеткілікті, 427 техника соның ішінде, 36 тікұшақ, 30-ға жуық дельтаплан жұмылдырылды. Мен өзім Жұманғаринмен бірге бақылап, аралап жүрміз, – деді Айдарбек Сапаров.

Министр «Шекіртке бір ауылға кіріп кетті, үлкен зиян болды» дейтіндей жағдай болмағанын айтты.

Жұмыс өте ауыр. Біз бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Шегірткені жібермеуге тырысамыз. Былтыр күзде осы мәселе болған кезде, ақылдаса келе препаратты да ауыстырдық. Нәтижесі болып жатыр. Десе де шекара жағынан мәселе бар. Мысалы, Өзбекстан жағынан қауіп болған. Оларға біз хат жазып, министрдің өзімен сөйлестік. Олар техниканы жұмылдырды. Шекарадан шегірткені шығармауға тосқауыл қойып қойдық, – деді ауыл шаруашылығы министрі Сапаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға