Жаңалықтар

Щучинскте бала ойын алаңында жарақат алды: қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр
Щучинскте бала ойын алаңында жарақат алды: қылмыстық іс қозғалды
Фото: Polisia.kz 19.08.2022 14:55 1264

Щучинск қаласындағы футбол алаңында кәмелетке толмаған баланың басынан жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға ағымдағы жылдың 17 тамызында Щучинск қаласында орналасқан футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жасар бала қоршаудан шығып тұрған темірден жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 Аталған фактіге қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі (Сапасыз құрылыс) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу аясында аталған балалар алаңының құрылысшысы анықталды.

Сондай-ақ нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға