Shutterstock/FOTODOM

Шайды күн сайын ішу қауіпті ме? Маман кеңесі

14.08.2025 09:45

Дәрігер-нефролог Наталья Чеботарёва қара шайды кімдерге ішуге болмайтынын және оның ағзаға қандай зиян келтіруі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы NEWS.ru сайтына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, қою әрі ыстық шай жоғары қан қысымы бар адамдар үшін қауіпті. Ал құрамында жеміс пен шөп қоспалары бар шай кей жағдайда бүйрекке зиян тигізуі мүмкін.

Дегенмен, дәрігердің пікірінше, қара шайды аз немесе орташа мөлшерде ішу — салауатты тамақтану үлесінің бір бөлігі бола алады.

Шайда кофеин бар екенін ескеру керек. Сондықтан оны тым қою демдеп ішу артериялық гипертензиясы бар адамдарға ұсынылмайды, себебі ол қысымды көтеруі мүмкін. Шөп шайларына да бөлек көңіл бөлу қажет. Кейбір өсімдіктердің бүйрекке пайдалы әсерін көрсететін деректер болғанымен, құрамындағы жекелеген заттардың уытты әсерін дәлелдейтін зерттеулер де бар, — деді Чеботарёва.

Зиянды әсердің алдын алу үшін маман қандай шайды да шамадан тыс ішпеуге кеңес береді. Оның айтуынша, сүт немесе тәттілер қосылған шайдың ағзаға әсері әзірге толық зерттелмеген.

Сондай-ақ нефролог күніне төрт кесе шайдан артық ішпеуге кеңес береді.

Бүйрек аурулары кезінде салыстырмалы түрде қауіпсіз саналатындары — жалбыз, имбирь және түймедақ шайлары. Бірақ мұндай шайларды да көп мөлшерде ішу ұсынылмайды, әсіресе қандағы калий деңгейі жоғары адамдарға, өйткені құрамындағы шөптер мен жемістер оны одан әрі арттыруы мүмкін, — дейді дәрігер.