Шайбалы хоккей: қазақстандық хоккейшілер Словакиядан ұтылды
31.12.2024 17:00
Фото:
ҚР ҰОК
Шайбалы хоккейден Канаданың Оттава қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы Словакиямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта словакиялық хоккейшілер жеңіс шайбасын соғып, матч 4:5 есебімен аяқталды.
Қазақстан сапынан Артур Гросс, Асанәлі Сәркенов, Дәулет Нұркенов және Кирилл Ляпунов бір-бір шайбадан соқты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 31 желтоқсан күні Швейцарияға қарсы өткізеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

