Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сора Рахмонова 26 қыркүйек күні Дана Уайттың үміткерлер шоуы аясында литвалық Эрнеста Карикайтеге қарсы жекпе-жек өткізеді. Осы айқаста жеңіске жеткен спортшы UFC-де өнер көрсетуге шақырту алады. Сондықтан Сора Рахмонова АҚШ-та алдағы жекпе-жекке дайындығын жалғастырады.
Естеріңізде болса, Сора Рахмонова NAIZA турнирінде Валерий Карыгинаны айқын басымдықпен жеңгеннен кейін Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысты. Еліміздің бас қаласында өткен жарыста Шавкат Рахмоновтың қарындасы алтын медаль жеңіп алып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

