Шавкат Рахмонов Қазақстандағы танымалдылығына қатысты ойын айтты
09.12.2023 11:38
Фото:
© UFC
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) Morning Kombat Youtube-арнасына берген сұхбатында танымалдылығына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
– Көшеде жүргенде сені танып жата ма?
– Иә, таниды. Қайда барсам да танып жатады.
– Бұған қалай қарайсың? Өмірің өзгерген шығар?
– Әрине, өмірім қатты өзгерді, бірақ мен сол баяғы қарапайым жігітпін. Дегенмен көшеде маған назар аударатындар көп. Мұндайда өзімді ыңғайсыз сезінемін. Бірақ бұл да ойынның бір бөлігі екенін түсінемін.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін америкалық Стивен Томпсонға (17-6-1) қарсы өткізеді. Бұл айқас 17 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

