primeminister.kz

Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

03.07.2024 16:11

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының президентін әуежайда премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі.
 
Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады. Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті. Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.