Жаңалықтар

«Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті

«Астана» Ұлттық сурет галереясы
07.09.2016 12:18 9246

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

«Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті 

Қайырымдылық шарасына елуге жуық онкологиялық ауруға шалдыққан бүлдіршіндер қатысты. Олар сурет салып, жеміс-жидектерден, ермексаздан түрлі жануарлардың бейнесін жасады.

 «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті

«Астана» Ұлттық сурет галереясы ұйымдастырып отырған іс-шараның мақсаты — өнер арқылы балалардың сауығуына септігін тигізу, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, емделуші балаларды шығармашылық процесске қосу болып табылады.

 «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті

Аскарбеков Ерлан, директордың әкімшілік жұмысы жөніндегі орынбасары:

— Ұлттық сурет галереясымен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы алғашқы рет бірігіп іс-шара ұйымдастырып отыр. Бүгінгі таңда арт-терапияның бала денсаулығына тигізетін көмегін бүкіл әлем мойындаған. Сондықтан осындай жолмен біз ауыруға шалдыққан балалардың емделіп кетуіне септігімізді тигіземіз деп ойлаймыз. Бұған қоса, қоғамның назарын БАҚ арқылы онкологиялық сырқатқа шалдыққан балалар мәселесіне аудару, кәсіпкерлік құрылымдарды әлеуметтік көмек көрсетуге жұмылдыру басты мақсатымыз.

 «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті

Ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс кезіндегі негізгі мәселелердің бірі – емделуден тыс уақытта олардың бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру болып табылады. Осы орайда, бейнелеу өнерін балалардың сауығу процесін оңтайландыруға пайдалануға болады. Арт-терапия әдістерінің бұл бағыттағы жетістіктері қазіргі таңда дәлелденген.

 «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті

Акция барысында балаларға арнайы арт-терапия бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарламада аппликация, сурет салу және жемістер мен көкөністен бұйым жасау бойынша шеберлік дәрістері өткізілді. Сонымен қатар «Алтын күз» тақырыбында театрлық қойылым көрсетіліп, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен түрлі ойындар ойнатылды.

 «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті

Ұйымдастырушылардың «балалар назарын емделу процесінен бір мезгіл сурет салу мен мүсіндеуге, аппликацияға аудару» деген  жоспары толықтай орындалды деуге болады.  Акция соңында балалар түрлі сыйлықтармен марапатталды. 


Алмас САУДАНБАЙ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға