Шаш күтіміне арналған өнімдер 41,7%-ға қымбаттады
Фото: the-steppe.com
Фото: the-steppe.com
06.03.2023 18:29
1186
Сусабындар бір жылда 41,7%-ға қымбаттады. Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лактар және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3%-ға төмендеді. Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өз кезегінде импорт 18,1%-ға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді. Импорт өнімдерінің үлесі 97,6 пайызды құрады.
12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Сирияда қанша қазақстандық қалғаны белгілі болды