Жаңалықтар

«Шаш ал десе, бас алудың» қажеті жоқ». Кімдерді қатаң жаза күтіп тұр

«Шаш ал десе, бас алудың» қажеті жоқ». Кімдерді қатаң жаза күтіп тұр
Фото: Ақорда 07.02.2024 11:31 1205

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қолынан іс келмейтіндерді де сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізге ауқымды инвестиция тартудың тағы бір маңызды шарты – Ұлттық инфрақұрылым жоспары. Бұл құжат сапалы әзірленуге тиіс. Ойға келгеннің бәрін бір құжатқа жинақтап, сосын бюджеттен қаржы бөлінбеді деп сылтау айту – қолыңнан түк келмейтінін мойындау деген сөз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырып, негізгі басымдықтарды айқындап, стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке инвестиция тарту мәселесін мұқият ойластыру керектігін айтты. Яғни қаржылай қолдау тек керек болған жағдайда көрсетілмек.

Одан қалды елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару да инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуы керектігі айтылды. Ал асыра сілтеп жіберетіндерді қатаң жаза күтіп тұр.

Түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет. Алайда, өзге де құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс. Тағы да ескертемін, «шаш ал десе, бас алып», асыра сілтемеу керек. Мен мұндай жөнсіз әрекеттің қай-қайсысын да қатаң айыптаймын.Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, керісінше, елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру. Бұл жұмыстың әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәні бар. Маңызды экономикалық міндетті орындауды көздейтін осы бастаманы ешкімнің жоққа шығаруына жол берілмейді, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға