Жаңалықтар

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

Апатты жағдайда сәтті қонған ұшақтар
30.03.2016 12:15 4828

Назарларыңызға апатты жағдайда суға, жолға, тайгаға қонып, аман қалған алып лайнерлер тізімін ұсынамыз. 

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

2013 жылдың 4 қазанында АҚШ-тың Сан-Хосе қаласына қонбақ болған Bellanca 7ECA ұшағының ұшқышы қозғалтқышта ақау бар екенін байқайды. Ол дереу диспетчермен байланысқа шығып, шоссеге қонуға рұқсат сұрайды. Бұл жағдай жол полициясына хабарланған сәтте көшеде көліктің көптігіне қарамастан, әп-сәтте ұшақ қонатын орын дайын болады. Осылайша, ұшқыш өзінің «Биланкасын» сәтті қондырады.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

2012 жылдың  20 тамызында Рига — Вентспилс (Латвия) шоссесіне қозғалтқышы істен шыққан жеңіл ұшақ қонды. Қону процесі штаттан тыс режимде өткендіктен, ұшақтың шассиі аздап зақымданған. Сондай-ақ, осы ұшақтың кесірінен ұзақ-сонар кептеліс те пайда болыпты.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

Жоғарыдағы оқиғаға ұқсас жағдай 2010 жылдың 5 сәуірінде  Австралияда қайталанды. Бұл жағдайда 18 жастағы ұшқыш қолданылмай тұрған қосымша жолақ жолға қонған. Аздап зардап шеккен ұшақ жол бойынан эвакуатордың көмегімен ысырылған екен.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

1956 жылдың 15 қазанында Гонолулудан Сан-Францискоға қарай Pan Am компаниясына тиесілі Boeing 377 Stratocruiser лайнері ұшып шығады. Бортта 24 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

16 қазан күні ұшақ Тынық мұхитының үстінен ұшып бара жатқанда 4 қозғалтқыштың екеуі істен шығады. Командир дереу суға қонуға шешім қабылдайды. Жолаушылар ұшақ суға батпай тұрып құтқару қайықтарына отырып үлгереді. Ал, бір сағаттан кейін құтқарылған жандарға жағалау күзетінің катері келіп жетеді.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

1963 жылдың  21 тамызында Ленинградтағы Неваға «Аэрофлот» компаниясына тиесілі Ту-124 лайнері қонды.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

«Пулково» әуежайына шұғыл қонбақ болған кезде ұшақтың келесі екі қозғалтқышы істемей қалады. Ұшқыштар амалсыз суға қонып, абырой болғанда, 45 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі аман қалды.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

1968 жылдың 22 қарашасында Токиодан Сан-Францискоға қарай ұшып шыққан Japan Airlines әуе компаниясының DC-8 ұшағы америкалық жағалауға жақын маңға қонды. Бірақ, бұл апатты жағдайда қону емес, ұшқыштың қатесі еді.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

Қалың тұманға тап болған капитан биіктік өлшейтін құралдың бағытына сеніп, жан-жағын қате бағдарлаған. Ұшу-қону аймағына жеттім деп ойлаған ұшқыш ұшақты су бетіне асқан ыждаһаттылықпен қондырған. Нәтижесінде, борттағы 107 адамның бірде-бірі зардап шекпепті.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

2009 жылдың 15 қаңтарында Нью-Йорктан Сиэтлге ұшқан US Airways әуе компаниясының Airbus A320 лайнері аспанда бір топ қазбен соқтығысады. Соның нәтижесінде екі бірдей қозғалтқыш істен шығып, кеме командирі Чессли Салленбергер (бұрынғы әскери ұшқыш) 150 жолаушы мінген лайнерді Гудзон өзеніне қондырды (ең бірінші суретте). 5 адам жарақат алғанымен, жолаушылардың бәрі аман қалды.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

2010 жылдың 7 қыркүйегінде Удачный қаласынан мәскеулік «Домодедово» әуежайына қарай шыққан «Алроса» әуе компаниясының Ту-154 ұшағы жерден 10 мың 600 метр биіктікке көтерілген кезде электр қуаты таусылады. Соның әсерінен ұшақтағы байланыс және навигация жүйесі істен шығады. Ұшқыштар қосымша генераторды қосуға талпынғанымен, ештеңе өнбейді. Бакта 30 минут ұшуға ғана жететін жанармай қалған сәтте экипаж апатты жағдайда қонуға ыңғайлы орын іздей бастайды.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

Ғажайып деген осы: ұшқыштар Коми республикасының аумағында тікұшақ алаңы ретінде қолданылып жүрген ескі аэродромды «тауып алады». Әрине, ұзындығы 1325 метр болатын ұшу-қону алаңы алып лайнерге аздық етті. Дегенмен, алаңның басшысы Сергей Сотников бұған дейін аумақты артық тал, шөптен уақытылы тазартып тұрғандықтан, лайнер жерге сәтті қонды. Борттағы 81 адамның бәрі дін-аман.

Ұшарымды жер, қонарымды су біледі...

Кейінірек Сергей Сотников ІІ дәрежелі орденьмен марапатталып, командир Евгений Новоселов пен екінші ұшқыш Андрей Ламановқа «Ресей батыры» атағы берілді. Экипаждың қалған мүшелерінің де ерлігі ескерусіз қалған жоқ.


Әзірлеген Айбота ӨТЕУЛІ

Деректер svpressa.ru сайтынан алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға