Жаңалықтар

Шаршауды тудыратын өнімдер анықталды

Шаршауды тудыратын өнімдер анықталды
Фото: © Pixabay.com 19.03.2024 10:38 1098

Диетологтардың айтуынша, энергияны арттыратын өнімдерді шектен тыс қолдану кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айталық, кофені тым көп мөлшерде ішудің салдары жақсы емес, себебі бұл кофеиннің бұзылуына әкеледі, тиісінше адам өзін шаршаңқы сезініп, кофеге мұқтаждық артады. Ал оны қант қосып ішсе жағдай тіпті ушығуы мүмкін.

Кофеинді тәулігіне 400 миллиграмм мөлшерде тұтынған жөн, яғни бұл дегеніміз - төрт кесе шай немесе кофе.

Тізімге мына өнімдер де кірген:

Жаңғақ түрлері: себебі құрамында пайдалы майлар тым көп. Ұсынылатын мөлшер – күніне 30 грамм.

Жемістен жасалған коктейльдер: оларда қант көп, есесіне талшық пен ақуыз жетіспейді;

Энергетикалық батондар: қант пен қант алмастырғыштар мөлшерінің көп болуына байланысты;

Ақ нан: тазартылған көмірсулар күрделі көмірсуларға қарағанда тез сіңеді, қандағы қант күрт артуы мүмкін, сонан соң оның жұмысы бұзылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға