Жаңалықтар

Шардара су қоймасындағы су мөлшері 79%-ға көбейіп кетті

Апаттық жағдайдың алдын алу үшін 4 жоба қарастырылуда
Шардара  су қоймасындағы су мөлшері 79%-ға көбейіп кетті
Фото: inbusiness.kz 12.01.2023 16:53 3375

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Шардара су қоймасындағы орын алып жатқан төтенше жағдайдың алдын алу шараларымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үш жыл қатарынан су деңгейі төмен болған Сырдарияның деңгейі биыл 100%-ға көтерілген. Дегенмен мамандар ешқандай қауіп жоқ дейді.

“Апаттық жағдайда тұрған су қоймасындағы су мөлшерінің көбеюі халықты алаңдатты. Расымен бүгінде 520 млн.куб көлемінде су артық. Қазір арнайы жобалар бойынша төтенше жағдай қалпына келтірілуде. Су қоймасының маңындағы елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ”, - дейді су ресурстары комитеті басқармасының басшысы Сәуле Шалмағанбетова.

Осыған дейін апатты су қоймасы мерзімінен бұрын толып, 30 мыңнан астам халқы бар 22 елді мекенге қауіп төндіріп тұр деген хабар тараған болатын.

“Платиналардың жарылып кету қаупі жоқ. Қазір күннің аяз болуына байланысты ешқандай апаттық жағдай тіркелмейді. Алдын алу шаралары бойын судың көлемі тағы 2млрд. кубқа көбейсе де қоймада орын бар”, -деді Данияр Сағадиев.

Республиканың басқа да аумағында орналасқан қоймалар туралы баяндама ақпан айында, күн жылына бастағанда жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға