«Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген
08.05.2025 12:22
Фото:
t.me/qr_tjm/25138
Астанадағы «Шапағат» сауда үйіндегі өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндіріліп, одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 400 шаршы метрді құрайтын 10-ға жуық бутик өртенген.
ТЖМ мәліметінше, жергілікті жерде жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) 5 буыны жұмылдырылды, іште адамдардың бар-жоғына тексеру жалғасуда. Өрт орнына судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы гидранттарға қосылған 3 автоцистерна орнатылды. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамның 71 адамы және 20 бірлік техника жұмыс істеді, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

