Жаңалықтар

Шанхай Ынтымақтастық ұйымының өкілдері Нұр-Сұлтандағы 26 учаскеде болды

Шанхай Ынтымақтастық ұйымының өкілдері Нұр-Сұлтандағы 26 учаскеде болды
05.06.2022 21:46 1733

Бүгін елімізде өткен референдумға халықаралық сарапшы ретінде Шанхай Ынтымақтастық ұйымының өкілдері де қатысты, - деп хабарлайды El.kz.

– Бүгін Қазақстан Республикасы үшін маңызды күн. Басқа да халықаралық бақылаушылармен бірге біз елордадағы 26 учаскіге барып, жағдайды өз көзімізбен көрдік. Қазақстанның Ата заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұйымдастырылған референдумның қызметін жоғары бағалағым келеді. Комиссия мүшелерімен қатар ерікті жастардың да белсенділігін байқадым. Қазақстанға Шанхай Ынтымақтастық ұйымы әрдайым қолдау көрсетуге дайын және болашақта мықты державаға айналатынына сенемін, - деді ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин.

Сонымен қатар қазақстандықтарды бүгінгі тарихи күнмен құттықтап, сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға