Жаңалықтар

Шанхай мен Ресейдің байқаушылары депутаттар сайлауына қатысты пікірін білдірді

Шанхай мен Ресейдің байқаушылары депутаттар сайлауына қатысты пікірін білдірді
Фото: El.kz 20.03.2023 11:49 750

Халықаралық байқаушылар Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында қандай да бір құқық бұзушылықты байқамағандарын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов сайлауға қатысты қорытындысымен бөлісті.

Біздің Миссия 15 парақтан тұратын қорытынды жұмысын дайындап қойды. Сайлау кезінде Қазақстан Республикасының нормасын бұзу мақсатындағы әрекеттер орын алған жоқ. Сайлау учаскелерінің қызметіне көңіліміз толды, - деді ол.

Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Мемлекеттік Думасының ұлттар істері комитетінің төрағасы Геннадий Семигин бірмандатты округтегі депутаттардың пайыздық мөлшерлемесі дұрыс таңдалды дейді.  

Президенттің депутаттарды сайлауға қатысты қабылдаған шешімі өте жауапты қадам дер едім. Депутаттар құрамының партиялар мен бірмандатты окргутен сайлануы халықтың билікке деген сенімін арттырады. Бірмандатты округтің 30 пайызының сайлануы дұрыс шешім болды деп есептеймін. Егер сол депутаттар тиімді жұмыс істейтін болса, оның пайыздық мөлшерін көбейтуге болады деген ойдамын, - дейді төраға.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға