Шахмат Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті
03.08.2022 22:33
Фото:
ekhokavkaza.com
Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы алтыншы ойынын өткізді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жолы ерлер құрамасы Чехияны 2,5:1,5 есебімен сүріндірді. Құрама сапында Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек жеңіске жетсе, Ринат Жұмабаев тең түсті.
Ал, Әлішер Сүлейменов қарсыласына есе жіберіп қойды. Олар бұған дейін Ливан мен Латвияны 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген-ді.
Ал, әйелдер құрамасы алтыншы турда Әзербайжанға 1:3 есебімен жол беріп қойды. Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп , Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

