Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті сотталды
Фото: Facebook/Kazakfilmstudios.kz
Фото: Facebook/Kazakfilmstudios.kz
07.06.2024 10:03
1871
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды. Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында тұтқын колониядан қашып кетті
Келесі жаңалық
Астана тұрғыны есірткі таратқаны үшін 18 жылға сотталды