Жаңалықтар

Шахтинскте «Qarmet» қызметкерлерін бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Шахтинскте «Qarmet» қызметкерлерін бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: Polisia.kz 18.10.2024 09:06 399

Қарағанды облысында биыл ауыр қылмыс жасауға қатысы бар алты қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бопсалаудың 40-тан астам фактісі анықталып, жолы кесілді.

15 қазанда Шахтинск қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар тобын ұстады. Оның құрамына аралас жекпе-жек жаттықтырушысы кірген. Олар жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ «Qarmet» АҚ қызметкерлерін бопсалаған. Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар «Qarmet» АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа да қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталған болатын.

Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 100-ден астам күдікті жеткізілді, олардың 39-ы қамауға алынды. 150-ге жуық тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Криминалдық топтардың жолын кесу нәтижесінде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға