Шахтадағы апаттан кейін 6 жұмысшының денесі табылды
18.02.2025 03:31
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы "Жомарт" шахтасындағы апаттан кейін 6 жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС алты жұмыскерінің денесін тапты. Олардың жеке басының ақпараты анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Жетінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары тобы жұмыс істеуде,-деп атап өтті ведомстводан.
17 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішінде 640 метр тереңдікте тау жынысы опырылып, 7 жұмысшы үйінді астында қалды. Олардың аты-жөндері белгілі болды.
Шахта апатына байланысты үкіметтік комиссия құрылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

