Жаңалықтар

Шахтадағы апат. Қаза тапқан кеншінің аты-жөні белгілі болды

Шахтадағы апат. Қаза тапқан кеншінің аты-жөні белгілі болды
Фото: © El.kz 18.08.2023 07:20 888

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында қаза болған кеншінің аты-жөні анықталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері 1965 жылы туған Слюньков Виталий Владимирович (жерасты электр слесарі, 5-санат, еңбек өтілі 39 жыл). Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз, - делінген «АрселорМиттал Темиртау» мәліметінде.

Қалған жұмысшыларды іздестіру жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетіледі, - дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Компания апат себептерін толық тергеу үшін мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға