Жаңалықтар

Шахтадағы апат. Министрлік шұғыл мәлімдеме жасады

Шахтадағы апат. Министрлік шұғыл мәлімдеме жасады
28.10.2023 19:00 856

Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қарағанды облысындағы И.Костенко атындағы шахтадағы жағдайға байланысты ауқымды және уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомстводан мәлімдегендей, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық назарына шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған барлық шаралар туралы ақпарат дер кезінде жеткізілуде.

Сонымен қатар жақын арада Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында уәкілетті мемлекеттік органдар мен тиісті қызметкерлердің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтетінін хабарлаймыз.

Министрлік уәкілетті орган ретінде Ұлттық аза тұту күнінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары мен БАҚ-қа олардың қызметі және веб-сайттарын безендіру ережелері туралы ұсыным жолдады.

Осыған байланысты Министрлік БАҚ басшыларын, телерадио хабарларын тарату операторларын, мемлекеттік органдар мен ұйымдарды Ұлттық аза тұту күні аталған Ұсынымдарды ұстануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді сақтауға шақырады.

Сондай-ақ ақпаратты дайындаған кезде жауапкершілікке тартылмау үшін сенімді дереккөздерге сенуге және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға