Жаңалықтар

Шахматтан олимпиадаға 100 мыңнан астам оқушы қатысады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті
Шахматтан олимпиадаға 100 мыңнан астам оқушы қатысады
Фото: sn.kz 13.12.2022 13:32 1186

Іріктеу сайыстарына 2-11 сынып оқушылары қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Олимпиада 10 қаңтарда еліміздің барлық өңірі мен мектебінде басталады. Осындай іс-шаралар ұйымдастыру арқылы министрлік еліміздегі шахмат қозғалысына қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
 
«Президенттің қолдауымен «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Шахмат факультатив ретінде 28 мыңға жуық балаға арналған 654 мектепте енгізілді. Сондай-ақ мектептерде шахмат секциясының саны 10 мыңнан асты. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл министр Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасымен оқушылар арасында шахматтан олимпиада өткізілгелі отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Бұл оқушылардың шахмат қозғалысына қызығушылығын оятуға септігін тигізеді. Бұл - мектеп, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұратын ауқымды турнир. Әр мектептің қатысқаны маңызды», – дейді Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға