Шахмат федерациясы

Шахматтан Балалар кубогы-2025 жарысының 6-шы кезеңі аяқталды

Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Балалар кубогы-2025 жарысының 6-шы кезеңі аяқталды. Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары 10 жасқа дейінгі жас санатында – Әли Атнаш, 14 жасқа дейін – Алтынбек Құсайын болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстан шахмат федерациясы үшінші жыл қатарынан көпкезеңді ересектер кубогымен қатар Қазақстан Балалар кубогын да өткізуде. 2025 жылы ол 6 кезеңнен (әр кезеңнің жүлде қоры – 3 млн теңге) және финалдан тұрады. Финал 20–30 қараша аралығында Алматыда өтеді.
 
Жарыстың 6-шы кезеңі Алматыдғы республикалық физика-математика мектебінде өтті. Дәстүр бойынша бұл кезең аясында швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұратын екі жеке турнир ұйымдастырылды. Уақыттың классикалық бақылауы қолданылды – 90+30 (партияға 90 минут және алғашқы жүрістен бастап әр жүрістен кейін 30 секунд қосылады).
«B» турнирінде 10 жасқа дейінгі 143 ұл мен қыз бала қатысты. 6-шы турда жарысты қатарынан 5 жеңіспен бастаған абсолютті көшбасшылар – Санжар Толбаев пен Ілияс Спабек бір-бірімен тең ойнады. Сол сәтте-ақ оларды рейтинг фавориті, 9 жасар Әли Атнаш қуып жетті. Соңғы турдың алдында 7 ұпаймен ол Ахмет Аманшамен бірге көш бастап тұрды, ал ол бастапқы тізімде 46-шы орында болған. Ақфигурамен ойнаған Атнаш жеңіске жетті, ал оның қарсыласын мәреде бірден екі ойыншы артта қалдырды.
Қыздар арасындағы тартыста да осыған ұқсас жағдай болды: соңғы турдағы жеңісінің арқасында Інжу Абибулла Малика Зиядинді басып озды.
 
Жарыс қорытындысы (U10):
1. Али Атнаш (1750, Атырау обл.) – 8 ұпай;
2. Санжар Толбаев (1624, Алматы) – 7½;
3. Сардар Қуанышқали (1591, Маңғыстау обл.) – 7½;
4. Ахмет Аманша (1438, Алматы) – 7 ұпай;
5. Ілияс Спабек (1499, Алматы) – 7;
6. Аңсар Сүйіндіков (1526, Алматы) – 7;
7. Мерлан Молдабек (1527, Алматы) – 7;
8. Мәди Аманжолұлы (1469, Алматы) – 6½;
9. Аслан Ендібаев (1610, Шымкент) – 6½;
10. Арсен Байжұманов (1437, Алматы) – 6½;
11. Арыстан Жаңабаев (1513, Астана) – 6½;
12. Арлан Теміршот (1508, Павлодар обл.) – 6½;
13. Мустафа Тілекқабыл (1491, БҚО) – 6½;
14. Інжу Абибулла (1497, Ақтөбе обл.) – 6½;
15. Әлмир Әлтаирұлы (1713, Астана) – 6.
 
Федерацияның ақпаратына сүйенсек, «А» турнирінде 14 жасқа дейінгі 148 ойыншы бақ сынады. Мұнда бастапқы сәттен-ақ бәсеке ерекше жоғары болды. Соңғы тур алдында көш бастап тұрған Алтынбек Құсайынға тең ойын да тиімді болмайтындай көрінген, алайда 5-ші кезеңнің жүлдегері күмісті алтынға айырбастады.
 
Қыздар арасында бірінші орынды Әзел Түлекенова (1631, Астана) иеленді. Ол 6 ұпай жинап, жалпы есепте 29-шы орынға тұрақтады.
 
Жарыс қорытындысы (U14):
1. Алтынбек Құсайын (1952, Павлодар обл.) – 7½ұпай;
2. Алдияр Жарас (2105, Алматы) – 7;
3. Елсұлтан Қалиахмет (1910, Алматы обл.) – 7;
4. Пайрави Кодири (1980, Тәжікстан) – 7;
5. AIM Жанболат Аманқос (1960, Маңғыстау обл.) – 7;
6. Азамат Алмазұлы (1845, обл. Абай) – 7;
7. Дастан Бақытбек (1848, Алматы) – 7;
8. Ақарыс Жандос (1952, Алматы) – 6½;
9. Әлихан Елібай (1629, Алматы) – 6½;
10. Нұрислам Айнақұл (1834, Шымкент) – 6½;
11. Алириза Шарафиев (1833, Шымкент) – 6½;
12. Нурас Амангельды (1862, Маңғыстау обл.) – 6½;
13. Кирилл Бабкин (1778, Павлодар обл.) – 6½;
14. Сұлтан Тойбол (1700, Алматы обл.) – 6½;
15. Юрий Пак (1801, Астана) – 6½.
 
• 14 жасқа дейінгі ұлдар: 1 – Алтынбек Құсайын (₸250 000), 2 – Алдияр Жарас (₸150 000), 3 – Елсұлтан Қалиахмет (₸100 000).
• 14 жасқа дейінгі қыздар: 1 – Әзель Түлекенова (₸250 000), 2 – Алуна Әубакірова (₸150 000), 3 – Райан Жұмағали (₸100 000).
• 10 жасқа дейінгі ұлдар: 1 – Әли Атнаш (₸150 000), 2 – Санжар Толбаев (₸100 000), 3 – Сардар Қуанышқали (₸75 000).
• 10 жасқа дейінгі қыздар: 1 – Інжу Абибулла (₸150 000), 2 – Малика Зиядин (₸100 000), 3 – Ақниет Күмісбай (₸75 000).
 
Қосымша жүлделер:

• 12 жасқа дейінгі ұлдар: 1 – Азамат Алмазұлы (₸125 000), 2 – Дастан Бақытбек (₸75 000), 3 – Әлихан Елібай (₸50 000).

• 12 жасқа дейінгі қыздар: 1 – Медина Жәкенова (₸125 000), 2 – Айза Девятко (₸75 000), 3 – Ксения Шегай (₸50 000).
• 8 жасқа дейінгі ұлдар: 1 – Аңсар Сүйіндіков (₸100 000), 2 – Аслан Ендібаев (₸75 000), 3 – Темур Шакиров (₸50 000).
• 8 жасқа дейінгі қыздар: 1 – Тея Марковская (₸100 000), 2 – Айару Қайыпова (₸75 000), 3 – Әмина Мұқанова (₸50 000).
 
Командалық есепте Атырау облысының жас шахматшылары (Әлішер Махфузов, Медина Жәкенова, Әли Атнаш және Әмина Мұқанова) топ жарды (командаға – ₸200 000). Олар Маңғыстау облысы (₸125 000) және Павлодар облысы (₸75 000) құрамаларын артта қалдырды.
Айта кетсек, 2023 жылы Қазақстан Балалар кубогының финалы алғаш рет нокаут-жүйесі бойынша өтті. Оның жеңімпаздары Ақылжан Мейірханұлы (Қызылорда облысы) мен Әсия Асылхан (Түркістан облысы) болды.