Жаңалықтар

Шахмат спорты мектептерде білім беру бағдарламасына кіруі мүмкін

Шахмат спорты мектептерде білім беру бағдарламасына кіруі мүмкін
Фото: Pixabay.com 24.04.2023 12:52 1209

Қазақстанда шахматты білім беру бағдарламаларына факультативтік пән ретінде енгізу жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы әзірленген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасовтың айтуынша, шахмат сабақтары білім берудің барлық сатысын – мектепке дейінгі білім беруден бастап, жоғары оқу орнынан кейінгі кезеңді қамтуға тиіс.

Жол картасы қазақстандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып,«FIDE - Chess in Education» комиссиясының ұсыныстарының негізінде әзірленді.Соңғы жеті жылда ҚШФ «Мектептегі шахмат» пилоттық жобасын іске асырып келеді.Оған 600-ден астам мектеп пен 1000 мұғалім қатыстырылды. Жаңартылған жоспар бойынша шахматпен айналысатын оқушыларды қамтуды арттыру көзделген, - дейді Дәрмен Сәдуақасов.

Ол бірінші кезеңде 1-4 сынып оқушыларының 20 пайызына дейінгі бөлігі өз мектептеріндешахматпен шұғылдана алады. Кем дегенде 500 педагогты шахмат бағдарламалары бойынша кәсіби қайта даярлаудан өткізу жоспарланып отыр. Кейіннен мектеп жасына дейінгі балаларды да, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары мен студенттерді де, тіпті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын шахмат сабағымен қамтуды кеңейту жоспарда бар деп айтты.

Білім беру жобасының IT-платформасы Chess Legends қолданбасы болуы мүмкін. Оны қазақстандық әзірлеушілер бірнеше танымал шахматшының, соның ішінде 14-ші әлем чемпионы Владимир Крамник пен 4 дүркін әлем чемпионы, FIDE әлемдік әйелдер рейтингінің көшбасшысы Хоу Ифаньнің (Қытай) бастамасымен және басшылығымен жасап шығарды. Үйрету әдістемесін FIDE бас жаттықтырушысы, Қазақстан, Үндістан және Испания құрамаларының бұрынғы бас бапкері Евгений Владимировтың командасы әзірледі.

Шахматты мектеп бағдарламасына енгізу идеясы көптен бері талқыланып келеді. Жекеменшік мектептер мемлекеттік стандарттардың шыққанын күтпей-ақ, бұл тәжірибені қазірдің өзінде қалай қолданып жатқанын көріп отырмыз. Біз мемлекет басшысына шахматты білім беру бағдарламасынаенгізу керектігін айтып, оның тарапынан толық саяси қолдауға ие болдық, - дейді вице-президент.

ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова әңгіме шахматты бастауыш сыныптарға,одан кейін білім беру жүйесінің басқа жас сегменттеріне факультативтік пән ретінде ендіру туралы болып отырғанын атап өтті.

Шахмат – зияткерлік қабілетті, есте сақтауды дейін қоюды және стандартты емес шешімдерді қолдана білуді дамытуға арналған мықты құрал, - деді ол.

Мәселен, Павлодар облысында 200-ге жуық мектепке шахмат курстары енгізілді. Шахматқа қатысатын балардың математика пәнінен қабілеті жақсара түскен. FIDE «Chess in education» комиссиясының төрағасы Леонче Гарсиа қазір адамдардың уақыт өткен сайын ойланбайтын болып бара жатқанын көріп отырмыз деп айтты.

 Оның себептері көп. Бір себебі ретінде әлеуметтік желінің дамуын айтар едім. Оқу мәдениетін қалыптастырудың уақыты келіп тұрған сияқты. Осы проблеманы шешудің бір жолы ретінде шахмат үйірмелерін ашуды ұсынамыз. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде шахмат үйрету курстарының адамға әсеріне қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілді, - дейді Леонче Гарсиа.

Ол сол зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес ол адамның ойлау деңгейін, эмоционалды интеллектісін дамытатыны дәлелденді. Сонымен қатар математика мен оқуға әсер етті. Білім беру саласында шахматты енгізу психологиялық жағынан да адамға жақсы әсер ететінін көрсетті. Интеллектіні дамытудың 8 бағыттың жеті бағытында өз жемісін берді деп айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға