Жаңалықтар

Ш. Пулатов: «Елбасы және халқы» кітабын ағылшын, араб тілдеріне аударуға болады

Ш. Пулатов: «Елбасы және халқы» кітабын ағылшын, араб тілдеріне аударуға болады
25.07.2019 17:07 3647

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Елбасы және халқы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қоғамдық орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов сөз сөйлеп, кітаптың маңыздылығына тоқталды.

Ш. Пулатов: «Елбасы және халқы» кітабын ағылшын, араб тілдеріне аударуға болады

«Жинақпен танысу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен даму жолы, сонымен бірге оның шынайы мақсат-міндеттері жүрегіме ерекше әсер қалдырды. Кітаптың мазмұны Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995-2019 жылдар аралығындағы ҚХА сессияларында сөйлеген сөздерімен құнды. Елбасы өзінің ҚХА институтына деген ерекше көзқарасын әрқашан айрықша ықыласпен білдіріп отырады. Оның әрбір сөзінде Қазақстан халқына деген қамқорлығы мен жылылығы білініп тұрады», – деді Ш. Пулатов.

Ш. Пулатов: «Елбасы және халқы» кітабын ағылшын, араб тілдеріне аударуға болады

Сондай-ақ ол өз пікірінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің тұрақты және батыл мінезімен, өмірлік тәжірибесімен және кәсіби қасиеттерімен біздің Отанымыздың игілігі үшін барлық қиындықтарды жеңе алатын аты аңызға айналған тұлға екенін атап өтті. Мемлекеттің қалыптасуы мен халқымыздың бірлігін нығайту жұмысында Елбасы әлемдік сын-қатерлермен бетпе-бет келіп, оларды шешуде батыл қадамдар жасап отырды.

«Бүгінде ҚХА мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналып, Қазақстан халқының бірлігіне бағытталған бірқатар міндеттерді жүзеге асыруда. Оның ішінде қайырымдылық призмасы мен медиация институты арқылы әлеуметтік әл-ауқаттың ұлттық моделін қалыптастырды. Сонымен қатар Ассамблея қоғамдық сананы жаңғырту үдерістерінің алдыңғы қатарында тұр және осы жұмысқа Қазақстанның барлық этностарын тартты. ҚХА қызметінің ең маңызды аспектісі елдегі ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету болып табылады және солай бола бермек», – деп атап өтті ҚХА Төрағасының орынбасары.  

Сөз барысында Ш. Пулатов «Елбасы және халқы» кітабы Ассамблея институтымен байланысты тұлғалардан басқа тарихшыларға, саясаткерлерге, мемлекеттік қайраткерлерге пайдалы болатынына сенім білдірді.

Ш. Пулатов: «Елбасы және халқы» кітабын ағылшын, араб тілдеріне аударуға болады

«Бұл жинақ Н.Ә. Назарбаевтың жалпыұлттық бірлік моделін зерттеуге қызығушылық тудырған елдерге таптырмас әдістемелік құрал болатынына толық сеніммен айтуға болады. Сондықтан да осы кітапты әлемнің басқа да тілдеріне, мысалы, ағылшын және араб тілдеріне аударуға болады деп ойлаймын. Қажет болған жағдайда басқа тілдерге аударуды жөн деп санаймын. Өйткені бұл кітап құнды материалдар жинағы, біздің бейбітшілік және келісім институтының барлық әлемдік кеңістіктегі ретрансляциясы үшін маңызды қайнар көзі және әдістемелік құралы болып табылады», – деп өз ұсынысын білдірді Ш. Пулатов. 

Ш. Пулатов: «Елбасы және халқы» кітабын ағылшын, араб тілдеріне аударуға болады

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға