Үш облыстан Сенатқа сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
24.08.2022 14:10
1786
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның жаңадан құрылған 3 облысынан сенаторларды сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Сонымен Ұлытау облысынан Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров өзге кандидаттардан ең көп дауыс жинады.
Ал Жетісу облысынан Жетісу мемлекеттік университетінің деканы Амангелді Төлемісов пен Ербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев Парламент жоғары палатасының мандаты үшін сайлауда озық шықты.
Абай облысынан Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов пен «Қайнар» колледжінің директоры Айнұр Арғынбаева сайлаушылардың ең көп дауысын жинады.
Айта кетейік, бүгін Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болды. Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаттары енгізілген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстаулық тұрғыннан киік мүйіздері тәркіленді
Келесі жаңалық
Абат Айымбетов Түркияда үшінші матч қатарынан гол соқты