Жаңалықтар

ШҚО этномәдени орталығы аз қамтылған отбасыларына көмек берді

ШҚО этномәдени орталығы аз қамтылған отбасыларына көмек берді
21.08.2018 06:30 2071

 

21 тамызда Өскемендегі Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында облыстың этномәдени бірлестік өкілдері бір дастархан басында жиналып, Құрбан айт мерекесін атап өтті.

Облыстық Халифа Алтай мешітінің имамы шалынған құрбандыққа құран оқып, дастарханға жиналған көпшілікке бата берді. Өз кезегінде сөз алған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Нұрғазиев шараға жиналғандарды құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Этномәдени бірлестік өкілдерінің ұжымы аз қамтылған отбасыларға құрбандыққа шалынған малдың етінен сыбаға мен азық-түлік қоржындарын үлестірді.

Мереке соңында этномәдени бірлестік өкілдерінің шығармашылық топ мүшелері көрермендер назарына мерекелік концерт ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға