Жаңалықтар

ШҚО-да индустриаландыру Картасының екінші бес жылдығында 30 жоба іске асырылмақ

ШҚО-да индустриаландыру Картасының екінші бес жылдығында 30 жоба іске асырылмақ
23.11.2015 06:09 3685

Индустриаландыру Картасының екінші бес жылдығы шеңберінде бірқатар кластерлерді дамытуға бағытталған мақсатты жұмыстар атқарылуда. Оған Шығыс Қазақстан облысынан жалпы құны 535,8 млрд теңгені құрайтын, сондай-ақ қосымша 10,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 30 инвестициялық жоба қосылған.

ШҚО-да индустриаландыру Картасының екінші бес жылдығында 30 жоба іске асырылмақ

Аталмыш мәселе аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында қаралды.

– Бүгінгі күні облыста индустриаландыру Картасын жүзеге асыру қарқыны жаман емес. Жаңа бес жылдықта индустриалды зоналарды жобалармен толтыруды аяқтауымыз қажет. Әрбір қала мен ауданның басшылары жұмыстың орындалу барысын жіті бақылауында ұстауы тиіс, - деді облыс әкімі. Әсіресе Өскемен және Семей қалаларының әкімдерінің жұмысын нәтижелі деді аймақ басшысы.

Облыс орталығында екінші бес жылдықта 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, жоба аясында 4 мың жұмыс орны ашылады деп көзделуде.  Аталмыш жобалардың жалпы құны 118,6 млрд. теңгені құрайды. Олардың ішінде «Азия Авто» АҚ автобөлшектерін шығару жобасы республикалық маңызға ие болып табылады. Қалған 5 жоба республикалық маңызға ие, оның ішінде 3-еуі аяқталуға жақын және 2015 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл жобалар Өскемен титан-магний комбинаты және технологиялық құралдар зауыты жүйесі бойынша іске асырылуда. 

Семейде 1,4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың жалпы құны 16,8 млрд. теңге. Ағымдағы жылы автоклав газды бетонын шығаратын «Семей таскендір-цемент өнімдері зауыты» ЖШС жобасы пайдалануға берілген болатын.

ШҚО индустриаландыру Картасының екінші бес жылдығын өзектендіру шеңберінде Семей қаласынан 5 жоба қосылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға