Жаңалықтар

Шөкеев білмеді ме екен? Түркістанда заңсыз құрылыстар бұзылды

Әкімшілік как хранилище деп берген мына жерді хранилище қылып салғанбыз. Документ істеп береміз деп айтты олар.
Шөкеев білмеді ме екен? Түркістанда заңсыз құрылыстар бұзылды
Фото: ашық дереккөзден 22.09.2022 06:56 1421

Маруфжан Тұрғынбаевтың жеміс – жидек сақтайтын қоймасы 10 жылдан кейін сот шешімімен сүрілді, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Бірақ бағбан шаруашылықты кеңейту үшін жергілікті билік өкілдерінің өзі рұхсат бергенін айтады. Тек құжатты заңдастыру ісі ауызша айтылған уәде күйінде қалған. Енді тонналаған жеміс саудаға жарамай, шаруаны шығынға батырды. 

Әкімшілік как хранилище деп берген мына жерді хранилище қылып салғанбыз. Документ істеп береміз деп айтты олар. Кейіннен бұлар штраф шығарды. Штрафын алды. Енді бұз,- деді. Бәрін бұзып тастадым. Міні алма бау бар. Он жыл болған тамшылатып суару әдісімен өсіргенмін. Енді алма сақтайтын жерім де жоқ - дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Маруфжан Тұрғынбаев.  

Қарабұлақ ауылында мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың да мәселесі осы. Өйткені олар егінге арналған жер учаскесіне қора-жай салған. Бірақ кәсіпкерлер нысан құжатын заңдастырып беруге қолдау сұрап отыр. 

Енді бұзып соқ деп айтып жатыр. Біз бұны бұзып соққанда қайда алып барамыз енді. Рас заңсыз болса, заңдастырып беруін сұраймыз. Енді заңсыз болғанда ол қанша үйлер заңсыз дұрыс мойнымызға аламыз. Сол кезде солар қайда қарады сонда!? - дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Бақтияр Халжәлел.

Ірі қара бордақылап ет экспорттаумен айналысатын Мамыткәрім Ниязтаев та наразы.  Еңбектің ебін, кәсіптің көзін тапқан ол бұл іске 15 жылға жуық уақытын арнапты. Ал егінге арналған тақыр жерге ағын су жетпегесін өнім шықпады,-деп отыр. 

2009 жылы мына жерге адамдар су жеткізе алмағаннан кейін солардан сатып алғанбыз. Су жоқ болғаннан кейін біз мал қора соғып, мал өсіріп отырмыз. Қазір 30 бас сиыр сауып, күніне 220-250 литр сүт өткізіп жатырмыз. Мына жерде бұқа бағып, етін ел ішінде саудалып отырмыз. Енді кімге зиянымыз тиіп жатыр, білмеймін! - дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Мамыткәрім Ниязтаев.

Әкімдіктегілер жергілікті шаруаларға жер телімін заңдастыруға уақыт берілгенін айтады. Бірақ құжат ісіне селқос қарап, жердің мақсатты пайдаланылуын реттеуге ықылас білдірмеген. Алайда сот шешіміне қарамастан, әлі де кәсіпкерлік нысанын сақтап қалуға мүмкіндік бар. 

Мен оларға Жоғарғы сотта жеңіске жететін болсаңыздар, жер телімінің мақсатты бағытын кәсіпкерлікке арнауға болатынын айттым. Яғни қойма да салуға болады. Мәселені осы жағынан реттеу керек - дейді Қарабұлақ ауылының әкімі Кәмілжан Әбділахатов.

Енді шаруалар Жоғарғы сотқа арыз беріп, өз құқығын қорғауға ниетті. Әйтпесе өркен жайып, табыс шақырған бизнес кері кетуі мүмкін. Аймақта заңсыз құрылыс мәселесімен күрес күн тәртібінен түспей тұр. Мұнда шағын шаруашылықтан бөлек мыңға жуық тұрғын үйдің де құжат қағазы әлі күнге дейін реттелмеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға